Экстерьер

Дизайн және архитектура

Экстерьері

Экстерьері

Geely Tugela купе-кроссоверінің динамикалық силуэті басқа машиналар ағыны арасында оңай танылады. Автокөліктің спорттық сипаты жаңа радиатор торымен және одан да агрессивті бүйір элементтері бар жаңа алдыңғы бампермен ерекшеленеді.
Жаңа Geely Tugella-ны сіз сондай-ақ жаңартылған артқы бампердегі бу шығаратын құбырлардан оңай танисыз

Интерьері

Интерьері

Geely Tugella интерьері тіпті талғампаздарды таң қалдырады: тиімді шу оқшауланылуы, жоғары сапалы материалдар, шынайы былғары және жанасуға жағымды күдері, люгі бар панорамалық төбесі, екі аймақтық климаттық бақылауы, руль, әйнек және орындықтардың жылытылуы, атмосфералық жарықтандырылуы және сабвуферді қоса алғандағы, 12 динамикті премиум аудио жүйесі.
Премиум және спорттық сипатын төбенің қара түсті қаптамасы баса көрсетеді.
Мұнда барлығы жүргізушіге де, жолаушыларға да әр сапардан барынша ләззат алуға бағытталған

Қозғалтқыш және трансмиссия

Қозғалтқышы

Қозғалтқышы

2.0 литрлік заманауи 4 цилиндрлі турбоқозғалтқыш 238 а. к. дейін және 350 Н•м дейін айналу моментін дамытады. Оны швед және қытайлық Geely инженерлері бірлесіп жасаған.
Қолданылған технологиялардың арқасында Geely Tugela-да 100 км/сағ дейін жылдамдату 6,9 с құрайды!
Бұндай динамикалық потенциалда қозғалтқыш өте үнемді — аралас циклде отын шығыны 8,1 л / 100 км1 құрайды (NEDC циклі бойынша).

Деректер БҰҰ-ның № 101 (NEDC циклі) ережелері бойынша типті ресми бекіту туралы хабарламаға сәйкес көрсетілген; деректер нақты көлікке жатпайды және тек салыстыру мақсатында келтірілген.

Беріліс қорабы

Беріліс қорабы

8 жылдамдықты автоматты беріліс қорабы (8АТ) — бұл гидротрансформаторы бар классикалық "автомат", ол тегіс қозғалыс кезінде төмен отын шығынымен бірге максималды жайлылықты, сондай-ақ төмен айналымдардан үдеу кезінде әсерлі динамиканы қамтамасыз етеді.

Интеллектуалды толық жетек

Интеллектуалды толық жетек

Кез келген жолдарда және шамалы жолдарда Tugela-ның интеллектуалды толық жетекті жүйесі жүргізушіге сенімділік береді. Айналма моменті автоматты түрде алдыңғы және артқы осьтер арасында 50:50-ге дейін таралуы мүмкін. Бұл көлікті сенімді басқаруды қамтамасыз етеді

Қауіпсіздік

Шанақ

Шанақ

Пассивті қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне шанақтың күш құрылымында жоғары беріктігі бар болатты (72% - дан астам) және ыстық штампталған болатты (14%) кеңінен қолдану арқылы қол жеткізіледі. Жаңа Geely Tugela салынған модульдік архитектура қосылыстардың беріктігін 50% - ға арттыратын терең балқытылған лазерлік дәнекерлеу технологиясын ұсынады

Активті және пассивті қауіпсіздіктің заманауи жүйелері

Активті және пассивті қауіпсіздіктің заманауи жүйелері

Барлық жинақталуларында Geely Tugella заманауи пассивті және активті қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған:

  • • 6 қауіпсіздік жастығы
  • • Жарақатқа қауіпсіз руль бағанасы
  • • Биіктігі реттелетін алдыңғы жағында кергіштері бар үш нүктелі белдіктер
  • • Алдыңғы жағында бекітілмеген белдіктер туралы ескерту функциясы
  • • Артқы үш нүктелі қауіпсіздік белдіктері
  • • ISOFIX стандартындағы балалар креслоларына арналған бекіткіштер
  • • Артқы есіктердегі "балалар" құлпы
  • • Bosch 9.3 тежегіш жүйесін басқару кешені, оған келесі жүйелер кіреді:
    •     — Электрондық тұрақтандыру жүйесі (ESC)
    •     — Құлыпқа қарсы тежегіш жүйесі (ABS)
    •     — Тежегіш күшін таратудың электронды жүйесі (EBD)
    •     — Төтенше тежеуге көмек көрсету жүйесі (EBA)
    •     — Төтенше тежеу туралы ескерту (ESS)
    •     — Электрлік тұрақ тежегіші (EPB)
    •     — Тұрақ тежегішін автоматты ұстау жүйесі (Auto Hold)
    •     — Көлікті көлбеуде ұстау жүйесі (HHC)
    •     — Төменге жүру кездегі жылдамдықты сақтау жүйесі (HDC)
    •     — Батып қалуға қарсы жүйесі (TCS)
Интеллектуалды круиз-бақылау

Интеллектуалды круиз-бақылау

Жаңа Geely Tugela жүргізушісіне заманауи белсенді 2-деңгейдегі ADAS қауіпсіздік жүйелерінің көмек көрсетудің әсерлі жиынтығын ұсынады. Олардың жұмысын радар, 5 камера және 8 ультрадыбыстық сезбек қамтамасыз етеді. Осындай жүйелердің бірі - интеллектуалды круиздік бақылау -Tugella-ны 0-ден 150 км/сағ-на дейінгі жылдамдықта автоматты түрде баяулатып, жылдамдату арқылы алдыңғы көлікке дейінгі қашықтықты сақтайды. Бұл жағдайда жүйе артқы соққы қаупін азайту үшін тым күрт баяулауды болдырмайды

Функционалдығы

Hands-free жүйесі бар жүксалғыш есігінің электр жетегі

Hands-free жүйесі бар жүксалғыш есігінің электр жетегі

Geely Tugella жүксалғыш есігін ашу және жабу өте оңай және әртүрлі тәсілдермен жасалуы мүмкін:

  • • Кілттегі түймені басу арқылы
  • • Жүргізуші есігіндегі түймені басу арқылы
  • • Жүксалғыш есігіндегі түймені басу арқылы
  • • Артқы бампердің орталық бөлігінің астындағы аяқ қимылымен - Hands-Free функциясы
Hands-Free мүмкіндігі жүксалғыш есігін оңай ашуға мүмкіндік береді, мысалы, қолдарыңыз бос болмаған кезде немесе қолайсыз ауа-райында қолыңызды ластағыңыз келмесе. Geely Tugella жүксалғыш есігін ашу және жабу өте оңай және әртүрлі тәсілдермен жасалуы мүмкін:
  • • Кілттегі түймені басу арқылы
  • • Жүргізуші есігіндегі түймені басу арқылы
  • • Жүксалғыш есігіндегі түймені басу арқылы
  • • Артқы бампердің орталық бөлігінің астындағы аяқ қимылымен - Hands-Free функциясы
Hands-Free мүмкіндігі жүксалғыш есігін оңай ашуға мүмкіндік береді, мысалы, қолдарыңыз бос болмаған кезде немесе қолайсыз ауа-райында қолыңызды ластағыңыз келмесе.
Сымсыз зарядтау

Сымсыз зарядтау

Смартфондарды сымсыз зарядтау - қазіргі тұтынушы үшін өзекті шешім. Бұл үшін Tugelaда алдыңғы консольде арнайы орын бар. Зарядтау осы мүмкіндікті қолдайтын телефондармен жұмыс істейді.

360°айнала шолу камералар жүйесі

360°айнала шолу камералар жүйесі

Бүйірлік айна корпустарында, жүксалғыш есігінде және радиатор қаптамасында орналасқан төрт камераның арқасында Geely Tugella медиа экраны алдыңғы және артқы көріністерді көрсетеді, сонымен қатар виртуалды көрініс жоғарыдан синтезделеді, бұл автомобильдің және айналадағы заттардың орналасуын бағалауға мүмкіндік береді. Бұндай 360° айнала шолу тар жағдайда маневр жасауды жеңілдетеді, жайлылық пен қауіпсіздікті арттырады.

Алыстағы жарықты автоматты басқару жүйесі

Алыстағы жарықты автоматты басқару жүйесі

Алыс жарықты интеллектуалды басқару жүйесі көптеген факторларға байланысты жағдайды талдайды және қараңғы уақытта жүру қауіпсіздігін арттыра отырып, алыс жарық сәулесін жақын жарық сәулесіне және кері автоматты түрде ауыстырып отырады. Фаралардың жұмыс режимі қарама-қарсы немесе бір бағытта келе жатқан көлікке жақындаған кезде ғана емес, сонымен қатар жолдың жарық жағдайлары мен Tugella жылдамдығына байланысты өзгереді.

Галерея

Бағалар мен конфигурациялар

LUXURY

14 690 000 ₸

максималды пайданы ескерілген баға

FLAGSHIP

16 190 000 ₸

максималды пайданы ескерілген баға

Көбірек білу