Пайдалы ақпарат, жиі қойылатын сұрақтар

img
Geely Coolray
img
Geely Atlas
img
Geely Azkarra
img
Geely Tugella
img
Geely Monjaro
img
Geely Emgrand
Сұрақ-жауап

Сұрағыңызға жауап таппасаңыз, бізге жазыңыз, біз сізге міндетті түрде кеңес береміз.

Ұзақ жылдар бойы сақталуы үшін бояуға қалай дұрыс күтім жасау керек?

Бояуды сақтау үшін мыналар ұсынылады:

  • Көлікті үнемі жуып тұру керек.
  • Қолмен немесе контактісіз жууды таңдаған жөн.
  • Күн астында ұзақ тұрғаннан кейін көлікті жумаған жөн.
  • Құрамында балауыз (жылтыратқыштар) бар автокосметикалық өнімдерді қолдану керек. Балауыз жабыны жол төсемін өңдеу үшін қолданылатын кір мен реагенттердің бояу жабынына жабысып қалуын болдырмауға көмектеседі.
  • Мүмкіндігінше, жабысқан ағаш шайырын, жәндіктердің іздерін, құстардың тамшыларын, химиялық белсенді және техникалық заттарды көре салысымен бірден алып тастаған жөн.
  • Лак-бояу жабыны зақымдалған жағдайда (жарықшақтар, сызаттар және т. б.) мүмкіндігінше тезірек жөнделу керек
Ресми дилерден сатып алынған Geely көлігіне тек автокөлік сатушы-дилерінің қызмет көрсету орталығында қызмет көрсету керек пе?

Ресми дилерден сатып алынған көлікке кез келген ресми Geely дилерлік орталығында қызмет көрсетіледі.

Жанармай шығыны әрдайым нұсқаулықта көрсетілген мәліметтерге сәйкес келе бермейді. Мен қызмет көрсету станциясына хабарластым, бірақ ақаулар табылмады. Бұл немен байланысты болуы мүмкін?

Жанармай шығынының деректерін өндіруші ЕО 80/1268 (93/116/ЕЕС редакциясында) Директивасында белгіленген шарттар сақталған кезде айқындайды. Бұл деректер нақты пайдалану жағдайларынан айтарлықтай ерекшеленетін зертханалық жағдайларда стендтік сынақтар кезінде анықталады.

Тұтынушы атокөлікті нақты пайдаланған кезде жанармай шығынына төмендегі факторлар әсер етеді:

  • кондиционердің пайдаланылуы
  • шиналардағы қысым (төмен қысым шығынды арттырады)
  • автокөліктің тиелуі (көлік неғұрлым көп жүктелсе, соғұрлым тұтынуы көп)
  • жүргізу стилі (спорттық стиль шығынды арттырады)
  • жол және ауа-райы жағдайлары (кедір-бұдыр жол, кір, батпақ, қар ботқасы шығынды арттырады)
  • 110 км/сағ жоғары жылдамдықпен ұзақ жүру -
Пайдалану нұсқаулығы мен қызмет көрсету кітапшасы жоғалып қалды. Жаңаларын сатып алуға бола ма?

Пайдалану бойынша нұсқаулықты кез келген ресми Geely дилерінен сатып алуға болады.

Жоғалған сервистік кітапшаны Geely ресми дилерлік орталығына хабарласып, келесі құжаттарды ұсыну арқылы қалпына келтіруге болады: қызмет көрсету кітапшаны қалпына келтіруге арналған өтініш, тіркеу туралы куәлік және жеке куәлік. Мерзімді техникалық қызмет көрсетуден өту туралы мөртабандарды қалпына келтіру үшін осы жұмыстарды жүргізген орталыққа хабарласу қажет. Қызмет көрсету кітапшасын қалпына келтіру үшін Сізге қызмет көрсететін дилерге хабарласуды ұсынамыз.

Жаңа Geely көлігін жүргізіп сынақтан өткізу керек пе? Олай болса, қалай

Автокөліктің қызмет ету мерзімін ұзарту және қозғалтқыштың пайдалану сипаттары мен үнемділігін жақсарту үшін жаңа көлікті келесі ұсыныстарға сәйкес сынақтан өткізуді ұсынамыз:

  • жүргізіп сынау алғашқы 1000 км жүруінде жүзеге асырылады
  • жол жүру алдында қозғалтқыштағы май, салқындатқыш және жанармай деңгейін тексеріңіз
  • қозғалтқышты іске қосқаннан кейін бірден қозғалмаңыз, қозғалтқышты 1-2 минут қыздырыңыз
  • бірден үдеу мен тежелуден аулақ болыңыз.
  • қозғалтқыштың жоғары айналымдарда жұмыс істеуіне жол бермеңіз
  • сынап жүргізіп болғаннан кейін Geely ДО-на 1-ші айдан кейін алғашқы ТЕГІН ТҚ-тен өту үшін хабарласыңыз