Geely Сізге сеніміңіз үшін алғыс білдіреді — әр сапарыңызда өзіңізді сенімді әрі жайлы сезінуіңіз үшін біз көлігіңізге күтім жасаймыз.
1. Бағдарлама шарттары:
1.1. Бағдарлама 2025 жылдың 1 тамызынан 31 тамыз аралығындағы кезеңде соңғы тұтынушыларға сатылған GEELY модельдеріне қолданылады (заңды тұлғаларға сатылған көліктерден басқа).
1.2. Клиент тегін алатын ТҚ тізімі: ТҚ-0, ТҚ-10000, ТҚ-30000, ТҚ-50000.
Тегін ТҚ алу шарттары:
ТҚ түрі | ТҚ тегін алу шарттары |
ТҚ – 0 | Әр клиент бұл қызметті Бағдарлама аясында алады |
ТҚ – 10.000 | Әр клиент бұл қызметті Бағдарлама аясында алады |
ТҚ – 30.000 | Клиенттің ҚР-дағы Geely ресми дилерінен Geely ресми дилерінен сатып алынған Geely түпнұсқа қосалқы бөлшектері мен шығыс материалдарын пайдалана отырып, міндетті түрде ТҚ-20000 өтуі |
ТҚ – 50.000 | Клиенттің ҚР-дағы Geely ресми дилерінен Geely ресми дилерінен сатып алынған Geely түпнұсқа қосалқы бөлшектері мен шығыс материалдарын пайдалана отырып, міндетті түрде ТҚ-40000 өтуі |
1.3. Тегін ТҚ аясында жүргізілетін жұмыстар тізімі қазіргі техникалық қызмет көрсету регламентіне сәйкес келеді. Бұл ретте, көлік компоненттерін тексеру және міндетті ауыстыру жұмыстары тегін жүргізіледі; көлік компоненттерін жағдайына байланысты ауыстыру жұмыстары (мысалы, тежегіш колодкаларын немесе әйнек тазалағыш щеткаларын ауыстыру) ақылы негізде жүзеге асырылады.
1.4. Бағдарлама аясында клиент өндіруші регламентіне сәйкес келесі кезеңдерде тегін ТҚ-тен өте алады. Тегін ТҚ мерзімі — 50 000 км-ге дейін немесе 60 айға дейін (қайсысы бұрын келгеніне қарай).
1.5. Кепілдік және техникалық қызмет көрсету жөніндегі Нұсқаулыққа (бұдан әрі – Сервис кітапшасы) арнайы стикер жапсырылады, оның үлгісі қосымша беріледі.
1.6. Бағдарлама аясында тек Emgrand және Coolray модельдерін сатып алған клиенттер ғана тегін ТҚ ала алады. Қалған модельдер бағдарламаға кірмейді.
1.7. 2025 жылдың 1–4 тамызы аралығында берілген көліктер де Бағдарламаға қатысады.