Экстерьер
Интерьер

Экстерьері

Дизайны

Дизайны

Седан түсірілген аспасымен, оған батыл және заманауи көрініс беретін заманауи LowRider стилінде жасалған. BMA платформасындағы кең дизайн EMGRAND-ті айтарлықтай әсерлі және кең етеді, бұл тұрақтылықты жақсартуға көмектеседі. Шанақтың әсемділігі мен аэродинамикасы алдыңғы және артқы есіктердегі теңдестірілген жиектерді, сондай-ақ фаралардың өзіндік дизайнын баса көрсетеді. Жеңілқоспалы дөңгелектері өздерінің динамикалық дизайнымен таң қалдырады, бұл оларға «жел турбинасындай» сипат береді.

Есіктердің тұтқалары мен шанақ түсі

Есіктердің тұтқалары мен шанақ түсі

Автомобиль шанағының түсімен бір түсті есік тұтқалары оған стильді және толық көрініс береді. Бұның арқасында бүкіл автомобиль біртұтас және үйлесімді боп қабылданады, сонымен шанақ бетінің бірқалыпты және тегіс болуын қамтамасыз етеді.

Радиатордың хромдалған торы

Радиатордың хромдалған торы

Прогрессивті хромдалған тор шанақтың түсіне контраст жасай отырып, бірден жұрт назарын өзіне аударады. Energy Plus стиліндегі тор дизайны машинаның алдыңғы жағына сәнді әрі әлеуетті көрініс береді. Торға бүйірінен қараған кезде, қырларының ерекше пішінінің арқасында үш өлшемді визуалды эффект байқалады, бұл Сіздің көлігіңізді одан да тартымды етіп көрсетеді.

Күндізгі жарықдиодты жүріс шамдары

Күндізгі жарықдиодты жүріс шамдары

EMGRAND алдыңғы LED фараларымен жабдықталған, олар жолда ең жақсы көрінуді қамтамасыз етеді. Бұл жарықдиодты күндізгі жарық шамдары қауіпсіздікті арттырып қана қоймайды, сонымен қатар олар көлікке үнемділік пен стильді көрініс береді. Шамдарды өшіруді кешіктіру мүмкіндігі («Follow Me Home» немесе «мені үйге дейін шығарып сал») қозғалтқыш тоқтағаннан кейін шамдардың біраз уақыт сөнбей, иесіне үйге баратын жолды жарықтандыруға мүмкіндік береді.

Артқы жарықдиодты шамдар

Артқы жарықдиодты шамдар

EMGRAND автомобилінде 190 жарық диодты пайдаланатын артқы шамдар орнатылған. Бұл шамдарға «өтпелі жарық жолағына» ұқсап, жарқын және айқын жарықтандыруды қамтамасыз ететін бірегей дизайн береді, бұл көлігіңіздің жолда жақсы көрінуін арттырады. Сонымен қатар, бұл жарықдиодты шамдар көлікті құлыптау немесе құлпын ашқан кезде жарықпен қарсы алу белгілерін береді.

Артқы жүріс фаралары, артқы тұманға қарсы шамдар және артқы бұрылыс сигналдары

Артқы жүріс фаралары, артқы тұманға қарсы шамдар және артқы бұрылыс сигналдары

Артқы жағындағы фаралар артқа жүрген кезде автомобильдің артқы жағының қосымша жарықтануын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, артқы фаралар жолдағы қауіпсіздікті жақсартуға ықпал ететін тежеу шамдары мен бұрылыс сигналдарының маңызды функцияларын атқарады. Тұманға қарсы шамдар жүргізушілерге тұманда жақсы көруге және көрінуге көмектеседі, бұл жолдағы қауіпсіздікті арттырады.

Технологиялар

Қозғалтқыш

Қозғалтқыш

EMGRAND үлгісі механикалық және автоматты беріліс қорабы арасында таңдау мүмкіндігін береді.

Егер сіз жүргізу процесін абсолютті бақылауды қаласаңыз, 5 жылдамдықты механикалық беріліс қорабы сіз үшін тамаша таңдау болып табылады. Бар болғаны 12,9 секундта сіз 100 км/сағ жылдамдыққа жетесіз және бұл сіздің жолдағы қызықты саяхатыңыздың басы ғана! 122 ат күші бар 1,5 литрлік қозғалтқыш, бензин қозғалтқышы және алдыңғы жетек максималды динамиканы қамтамасыз етеді.

Егер сіз үшін жайлылық пен тегіс жүргізу маңызды болса, алты жылдамдықты автоматты беріліс қорабы тамаша таңдау болып табылады. Бар болғаны 12,6 секундта сіз 100 км/сағ жылдамдыққа жетесіз, ал рульде өткізген әрбір минут сөзбен жеткізгісіз әсерге толы болады. 122 ат күші бар бірдей сенімді 1,5 литрлік қозғалтқыш сенімділік пен тамаша өнімділікті қамтамасыз етеді.

Ауа кондициялау жүйесі

Ауа кондициялау жүйесі

Біздің жетілдірілген ауа кондициялау жүйесі салон ішінде жағымды температураны орнатып қана қоймай, сонымен қатар Сіздің денсаулығыңызға да қамқорлық жасайды. CN95 сүзгілері салонда таза және жағымды ауаның болуын қамтамасыз ету үшін ауадағы ең ұсақ бөлшектер мен аллергендерді ұстап қалады. Жолаушылардың жайлылығын арттыру үшін біз екінші қатардағы орындықтарға қосымша ауа өткізгіштерін орнаттық. Бұл салонға салқын немесе жылы ауаның біркелкі таралуын қамтамасыз етеді, бұл әрбір жолаушының барынша жайлылықты сезінуіне кепілдік береді.

Электрлі  бүйірлік айналар

Электрлі бүйірлік айналар

Бүйірлік айналарды электронды реттеу арқылы Сіздің қалауыңыз бойынша оларды оңай және дәл реттеуге болады. Айналар жолақты ауыстыру немесе бұрылу кезінде қосымша көріну мен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін біріктірілген бұрылыс қайталағыштарымен жабдықталған. Олар сонымен қатар автоматты түрде бүктеліп, көлік тұрағы мен тар жерлерде жүру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Бүйірлік айналарды жылыту мүмкіндігі суық күндерде мұздану немесе тұман мәселесін шешуге көмектеседі, бұл жолда керемет көрінуді қамтамасыз етеді.

Функционалды руль дөңгелегі

Функционалды руль дөңгелегі

Руль дөңгелегі күн сәулесінің немесе суық ауа райының әсерінен қызбайтын арнайы материалдардан жасалған. Бұл тіпті ең экстремалды жағдайларда да рульді қашанда мықты ұстауды ыңғайлы және қолайлы етеді. Рульдік басқарудың электркүшейткішінің жетілдірілген технологиясы (EPS) Сізге автомобильді дәл және лезде басқаруға мүмкіндік береді, бұл жолда оңай маневр жасауға және кез келген жағдайда толық бақылауды сақтауға мүмкіндік береді.

Қауіпсіздік

Сіздің қорғалуыңыз бірінші орында

Сіздің қорғалуыңыз бірінші орында

Geely Emgrand Сізді кез-келген жағдайда қорғау үшін жұмыс істейтін заманауи технологиялар мен жүйелермен қамтамасыз ете отырып, Сіздің жолдағы қауіпсіздігіңізге қамқорлық жасайды. Заманауи пассивті және белсенді қауіпсіздік жүйелерінің арқасында біз Сізге толық қорғауды ұсынамыз.

  • • Жылдамдықты арттыру кезінде есіктерді автоматты түрде құлыптау
  • • Соқтығысу кезінде отын беруді бұғаттау жүйесі
  • • Соқтығысқан кезде есіктің құлпын ашу жүйесі
  • • Электрондық ұрлыққа қарсы құрылғы (иммобилайзер)
  • • Алдыңғы және артқы үш нүктелі қауіпсіздік белдіктері
  • • Алдыңғы және артқы қатарға арналған қауіпсіздік белдіктеренің бекітілмегені туралы ескерту
  • • Екінші қатардағы орындықтардың бос еместігін білдіретін сезбектер
  • • T115 / 70R16 болаттан жасалған толық өлшемді қосалқы дөңгелек (докатка)

Бағалар мен конфигурациялар

Standard (MT)

6 840 000 ₸

максималды пайданы ескерілген баға

Comfort (MT)

7 590 000 ₸

максималды пайданы ескерілген баға

Comfort (AT)

8 190 000 ₸

максималды пайданы ескерілген баға

Luxury (AT)

8 590 000 ₸

максималды пайданы ескерілген баға

Flagship (AT)

8 990 000 ₸

максималды пайданы ескерілген баға

Көбірек білу