Geely тұтынушыға жақын бола түсті: Уральскіде өткен Community және VOC кездесуі автокөлік сүйер қауымды біріктірді

Geely Kazakhstan тұтынушыға бағытталған бастамаларын жалғастырып, автокөлік иелерінің адалдығы мен белсенділігін арттыруда.

Клиенттермен кері байланыс орнатуға арналған Voice of Customers жобасы аясындағы кезекті кездесуде Geely Kazakhstan бұл жолы кездесуді Geely GO бастамасымен біріктіріп, Geely Community бағытын дамытты. Іс-шара Уральск қаласындағы ресми дилерлік орталықта өтіп, өңірдегі жергілікті қауымдастықты қалыптастыру мен брендтің беделін нығайтудың маңызды кезеңіне айналды.

Кездесуге 30-дан астам адам мен 20 Geely көлігі қатысты. Қатысушылар қатарында клиенттер, дистрибьютор өкілдері және жергілікті автокөлік жанкүйерлері болды. Бағдарламада Geely бренді дамуының алдағы жоспарлары, жаңа сервис және клиенттік бастамалар талқыланып, Geely көлігін иеленіп жүргендер өзара тәжірибе алмасты.

Уральскіде өткен алғашқы Geely Community кездесуі жылы әрі бейресми атмосферада өтті. Қатысушылар бір-бірімен жақынырақ танысып, Geely көлігін жүргізу тәжірибелерімен бөлісіп, бренд өкілдерімен тікелей тілдесу мүмкіндігіне ие болды.

«Уральск қаласында Geely брендіне деген қызығушылықтың артып келе жатқаны бізді қуантады. Мұндай кездесулер тұтынушылармен тікелей және шынайы байланыс орнатуға мүмкіндік береді», – деді Geely Kazakhstan компаниясының клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы Арзугүл Саитова.

Компания алдағы уақытта мұндай кездесулерді Қазақстанның басқа қалаларында да өткізуді жоспарлап отыр. Бұл бастама Geely иелерінің біртұтас әрі белсенді қауымдастығын дамытуға бағытталған.

Other news

Geely — әлемде алғашқы болып жасанды интеллект жүйелерінің қауіпсіздігі бойынша сертификат алған автокөлік өндіруші

Geely Kazakhstan Алматы тауларында автоәуесқойларды біріктірген экологиялық акция өткізді

Geely Auto Group болашақта жаһандық инновациялар мен кеңеюдің қозғаушы күші ретінде танылатын Geely Auto International Corporation компаниясының бас директоры етіп Алекс Нанды тағайындады.

Geely Auto Auto Shanghai 2025 көрмесінде технологиялар мен қауіпсіздік саласындағы инновациялық жетістіктерін ұсынды

"Geely" компаниясы СОР29-ға қатысып, "жасыл" болашақ үшін көрген жетістіктерімен бөлісті.