"Geely" компаниясы СОР29-ға қатысып, "жасыл" болашақ үшін көрген жетістіктерімен бөлісті.

2024ж. 20 қараша, Әзірбайжан - "Geely" компаниясы 2024 ж. 11-22 қарашада Бакуде өткен БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 29-шы конференциясына қатысуға шақырылды.

"Geely Auto" климаттың өзгеруі мәселесін шешуге айтарлықтай күш салады. Компания: климаттық бейтараптық, табиғатқа оң көзқарас, жан-жақты қауіпсіздік, цифрлық инновациялар, бірлесіп өркендеу және басқару сияқты алты тірекке негізделген толыққанды ESG (экологиялық тазалық, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару) стратегиясын  әзірледі. Климаттық мақсаттарға қол жеткізу үшін "Geely" 2025 жылға қарай өз автомобильдерінің барлық тіршілік циклі бойына көміртегі шығарындыларын 25% -ға қысқарту және 2045 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу міндеттемесін өзіне алды. Бұл өршіл мақсатқа Geely-дің "жасыл" дамуға арнайы жолы арқылы, тұтынушылармен, серіктестермен және жеткізушілермен тығыз ынтымақтастыққа ықпал ететін болады.

"Geely Auto" өз тұтынушыларына ұтқырлықтың әмбебап, инновациялық, экологиялық және тұрақты нұсқасын ұсынады, ол электромобильдермен, гибридті электромобильдермен және метанолдағы автомобильдермен көп энергетикалық тәсілді қамтиды. Geely электрлендіру жолында да айтарлықтай өсімге қол жеткізді. 2024 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында компания жаңа энергия көздеріндегі (NEV) 650 000-нан астам автокөлік сатқан, бұл дегеніміз – бір жылдық өсім 91%-дан асады. Бұнымен қатар, Geely метанолдағы көлік құралдарының технологиясында айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізіп, 200-ден астам патент алып, көміртегі шығарындыларын одан әрі азайту үшін коммерцияландыруға бастама жасады.

Өндіріске келетін болсақ, "Geely Auto" тұрақты әдістерді ұстанып, "жасыл", төмен көміртекті және экологиялық таза зауыттарды құру бойынша белсенді жұмыс істейді. 2023 жылдың соңында "Geely" 2025 жылға қарай 100% -ға қол жеткізу мақсатында қуаты 400МВт болатын таратылған фотоэлектрлік жүйені қолдану арқасында өзінің барлық өндірістік кәсіпорындарында "жасыл" электр энергиясын пайдалану деңгейінің 60% -ына жетті. Бүгінгі таңда "Geely" көміртегінің нөлдік шығарындысы бар 3 зауытты сәтті құрды, бұл оның 2025 жылға арналған мақсаттарынан асып түседі.

"Geely Auto" компаниясының тағы бір міндеттемесі - барлық жеткізушілерді экологиялық таза әдістерді пайдалануды ынталандыра отырып, жеткізілімдердің барлық тізбегіне тұрақты даму жөніндегі өз бастамаларын тарату болып табылады. Оған ықпал ету үшін Geely құн жасау тізбегі бойынша серіктестер арасында ашықтық пен есеп беруге ықпал ете отырып, компоненттер мен шикізат үшін көміртегі ізін есептеуге мүмкіндік беретін цифрлық басқарудың кешенді, озық және фирмалық жүйесін әзірледі. Жүйе барлық әріптестерден қалдықтар шығарындылары бойынша нормативтерді сақтауды және энергия шығындарын қысқартуды талап ететін "қалдықсыз өндіріс" бағалау процесін қамтиды.  

Қайта өңдеу экономикасындағы басымдылық та "Geely" мақсаты болып табылады. Компания көлік құралдарын, компоненттер мен материалдарды қалпына келтіретін және қайта пайдаланатын сенімді қайта өңдеу жүйесін енгізді. "Geely" 2024 жыл ішінде 1200-ден астам автокөлікті, сондай-ақ қайта өңделген материалдардан 20 000-ден астам компоненттерді сәтті жасап шығарды. Жақында әзірленген "Geely Auto" автокөлігінде өңделетін материалдардың үлесі 97%-ға дейін құрайды, ол 2022-2023 жылдар аралығында өндірілетін болады. Мысалы, кейбір компоненттер пластикалық бөтелкелер мен сабаннан өңделген материалдардан жасалған, металл бөлшектерінде де материалдың өмірлік циклін ұзарту мақсатында өңделетін болат пен алюминий пайдаланылды.

Бұдан басқа, "Geely" NEV-дегі маңызды компонент болып табылатын аккумуляторлардың бүкіл өмірлік циклін оңтайландырады. Аккумуляторлардың озық технологиясын қабылдай отырып және өңдеудің кешенді жүйесін құра отырып, Geely осы ресурстарды тұрақты пайдалануды қамтамасыз етеді. 8 инемен тесіп сынауды қоса алғанда, қатаң сынақтан өткен компанияның инновациялық аккумуляторлары айрықша қауіпсіздік пен ұзақ мерзімді қамтамасыз етеді.

Инновациялық технологияларға және құн жасау тізбегіндегі ынтымақтастыққа негізделген өзінің әмбебап әлеуетінің арқасында "Geely" 2023 жылы автомобильдің бүкіл тіршілік циклі бойы көміртек шығарындыларын едәуір қысқартып, 2020 жылмен салыстырғанда оны 12%-ға азайтты. Әлемдік билік тарапынан мойындалған "Geely" алдағы уақытта да қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосатын болады, сонымен қатар тұрақты даму тұжырымдамасына тұтынушылар мен серіктестерді көбірек тартады.


Other news

G-Motors Kazakhstan клиенттермен Geely moments бағдарламасы аясында кездесу өткізді

Geely - автомобиль шығару саладағы инновациялардың танымал әлемдік көшбасшысы ретінде қытайлық брендтер арасында бірінші орынды және 2024 жылы әлемдік рейтингте екінші орынды иеленуде.

Geely Auto 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында рекордтық халықаралық сатылымдармен жаһандық кеңеюін жалғастыруда

Geely Yinhe Starship автомобилі Red Dot Award марапатына ие болды: Design Concept 2024 ( 2024 жылғы дизайн концепциясы)

Geely Auto "See the World in Full" ("Әлемді түгел көру") тұжырымдамасымен жаһандық деңгейге шығуда