«Geely Holding» өзінің «Aston Martin Lagonda» - дағы үлесін шамамен 17%-ға дейін арттырады
2023 жылғы 18 мамыр, Ханчжоу, Қытай. «Zhejiang Geely Holding Group» (бұдан әрі – «Geely Holding»), автомобиль жасау технологияларының ең ірі қытайлық жекеменшік тобы, бүгін элиталық британдық бренд арасындағы қарым–қатынасы туралы жаңа келісім шеңберінде «Aston Martin Lagonda Global Holdings plc» (бұдан әрі – «Aston Martin»)-дағы қатысу үлесін шамамен 17% - ға дейін ұлғайтатыны туралы жариялады.
«Geely Holding» енді белгілі автомобиль құрылысының үшінші ірі акционері болады, оның шарттарын «Aston Martin» Лондон қор биржасындағы мәлімдемесінде жариялаған.
«Aston Martin»-дегі қатысу үлесінің артуы әлемдік автомобиль жасау брендтерінің ұзақ мерзімді акциялар пакетін қамтитын «Geely Holding»-тің стратегиялық инвестициялық портфелінің бөлігі болады. Акционерлік капиталды ұлғайту шеңберінде «Geely Holding» акционердің өкілі ретінде «Aston Martin» Директорлар кеңесіне атқарушы емес директорды тағайындауға, сондай-ақ байқаушы ретінде екінші тұлғаны тағайындауға мүмкіндік алады.
Эрик Ли, «Geely Holding Group» Директорлар кеңесінің Төрағасы, былай деді: «Біздің «Aston Martin»-дегі қатысу үлесімізді ұлғайту туралы шешіміміз компанияның өсу перспективаларына, оның технологияларына және басшылар тобына деген сенімімізді көрсетеді. Өткен қыркүйекте миноритарлық акциялар пакетін сатып алғаннан бері біз атқарушы Төраға Лоуренс Стролл және оның әріптестерімен жұмыс істедік, енді осы әйгілі автомобиль брендінің өзінің толық әлеуетін ашуына көмектесу үшін бірлесе отырып, технологиялық синергия мен жаңа өсу мүмкіндіктерін зерттеуді асыға күтеміз».
Лоуренс Стролл, Директорлар кеңесінің Атқарушы төрағасы, былай деді: «Бұл хабарлама біздің «Aston Martin»-ге қатысты амбицияларымызды жүзеге асырудағы тағы бір маңызды қадам болып табылады. Өткен жылы алғаш рет акционер болған «Geely Holding» компаниясы «Aston Martin» компаниясының ұзақ мерзімді өсуі мен табысының зор әлеуетін көріп отыр. «Geely» бізге Қытайдың негізгі стратегиялық өсіп келе жатқан нарығын терең түсінуді, сондай-ақ олардың технологияларына қол жеткізу мүмкіндігін ұсына алады. «Geely» біздің «Aston Martin»-ге қатысты даму көзқарасымызды қолдайды және үлкен акционер болғысы келеді. Бұл мәміле «Geely»-мен ұзақ мерзімді серіктестік құруға мүмкіндік береді - менің ойымша, бұл уақыт өте келе біздің барлық акционерлерімізге айтарлықтай пайда әкеледі».