Қытайлық Geely автоалыбы Қазақстан нарығына жаңа моделі - Geely Monjaro тамаша кроссоверін шығарды

Алматы, 2023 ж. 13 сәуір. Қазақстан аумағындағы Geely брендінің ресми дистрибьюторы, елдің жетекші авторетейлерінің бірі - Orbis Auto тобының құрылымына кіретін G Motors Kazakhstan компаниясы «Алматы театрында» Geely Monjaro премиалды кроссоверімен таныстырды. Бұл машина ХХІ ғасырдағы автомобиль жасаудың ең қатал талаптарына жауап береді, олар: талғампаздық дизайн, қозғалыс пен басқарудағы теңдессіз жайлылық, көпфункционалдылық, ең бастысы - кез келген жол жағдайында басқарудың қауіпсіздігі мен ыңғайлылығын қамтамасыз ете отырып, жүргізушіге көмекке келетін инновациялық технологиялар.

Geely Monjaro кроссоверінің классикалық силуэті сенімділік пен қуатты бейнелейді. Автомобиль танылып қана қоймайды - оның өзінің қайталанбас фирмалық стилі бар. Сіз рульге отырып, бұл барлық жағынан премиалды автомобильдің барша мүмкіндіктерін бағалаған кезде оның қазіргі заманға сай екендігінің және күшінің сыртқы әсері одан әрі күшейе түседі.

Жаңа Geely Monjaro 4 жыл бойы компанияның еуропалық ғылыми-зерттеу орталығында швед және қытайлық инженерлер командасымен әзірленген СМА-ның бірегей модульдік архитектурасы негізінде салынған. Жасау процесінде үздік технологияларды пайдалану жолдағы қауіпсіздік пен орнықтылықтың керемет деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік берді - тестілеу кезінде («бұлан тесті») Monjaro люкс сыныбындағы спорттық автомобильдердің көрсеткіштерімен салыстыруға келетін нәтижелерді көрсетті.

img

Айта кететін маңызды нәрсе - ол CMA платформасының қауіпсіздік деңгейі еуропалық Euro-NCAP, америкалық US IIHS және қытайлық C-NCAP стандарттары бойынша ең жоғары 5 жұлдызға сәйкес келетіні. Пассивті қауіпсіздіктің ең жоғары ықтимал деңгейіне тиімді күштік схема есебінен ғана емес, жоғары төзімді болатты қолдану арқылы да қол жеткізілді - шанақтың барлық конструктивті элементтерінің 80%-ға жуығы содан жасалған. Сонымен қатар Geely Monjaro салынған модульдік архитектура терең балқытылатын лазерлік дәнекерлеу технологиясын қамтиды, бұл барлық қосылыстардың беріктігін 50%-ға арттырады. Ал алюминийден жасалған энергия сіңіретін жоғары төзімді арқалық жүргізуші мен жолаушыларды қосымша сақтай отырып, апат болған жағдайда шанақтың деформациясын азайтады.

Geely Monjaro жоғары қауіпсіздік стандарттарын қолдап қана қоймай, премиалды жайлылық деңгейін ұсынады. СМА архитектурасы қалада жүруге қолайлы көліктің ыңғайлы көлемін сақтай отырып, керемет кең салон құруға мүмкіндік берді.

Geely Monjaro интерьері шуды оқшаулайтын алдыңғы әйнектер, жоғары сапалы материалдар, былғары және ұстағанға жағымды күдері, люкті панорамалық шатыр, үш аймақтық климаттық бақылау, рульді, алдыңғы әйнекті жылыту, орындықтарды жылыту және желдету, белсенді шуды болдырмау жүйесі және 10 динамигі бар көп түсті атмосфералық жарықтандыру және премиалды аудио жүйесі сияқты жан-жақты жабдықталуымен таңғалдырады. Бұл автомобильдің өз жолаушыларына ұсынатын саяхаттан ләззат алу мүмкіндіктерінің толық тізімі емес.

Екі литрлік төрт цилиндрлік турбиналы қозғалтқыш 238 а.к. дейін қуатын және 350 Н∙м дейін айналу сәтін үдейтеді. Оны швед және қытайлық Geely инженерлері бірлесіп әзірледі. Қолданылған технологиялар есебінен аталған агрегаттың ПӘК әлемдік автоөнеркәсіптегі үздіктердің бірі болып шықты. Ауыр Geely Monjaro-ның орнынан сағатына 100 км-ге дейін үдеу жылдамдығы небәрі 7,7 секундты құрайды және екі литрлік қозғалтқыштың осындай керемет динамикалық әлеуеті бола тұрып, ол өте үнемді - аралас циклде отын шығыны 100 км-ге небәрі 8,5 л құрайды.

Кез келген жолда және жолсыз жерде алтыншы буын BorgWarner-дің интеллектуалды толық жетек жүйесі Monjaro жүргізушісіне толық сенімділікті қамтамасыз етеді. Айналу сәті автоматты түрде алдыңғы және артқы осьтер арасында 50:50 дейін бөлінуі мүмкін. Орталық консольдегі селектордың көмегімен қозғалыстың алты режимінің бірін таңдауға болады – «Жайлы», «Үнемді», «Спорттық», «Интеллектуалды», «Қар», «Жолсыз». Әрбір режимде автомобиль рульдік басқарудың, қозғалтқыштың, беріліс қорабының және толық жетек жүйесінің жеке баптауларын іске асырады.
Ал бейімделген круиздік бақылау және G-Pilot жүйесі Geely Monjaro жабдықталған белсенді қауіпсіздік пен жүргізушіге көмек көрсетудің екінші деңгейлі «ADAS» заманауи жүйелерінің бір бөлігі ғана. Олардың жұмысын 3 радар, 5 камера және 12 ультрадыбыстық сезбектер қамтамасыз етеді. Осындай жүйелердің бірі - интеллектуалды круиздік бақылау - Monjaro жылдамдығын 0-ден 150 км/сағ жылдамдыққа дейін автоматты түрде жылдамдатып не баяулатып, алда келе жатқан автокөлікке дейінгі қашықтықты сақтайды. Егер жүргізуші аздап алаңдап, өзі әрекет етуге үлгермеген жағдайда, жүйе автокөлікті толық тоқтатып, қозғалысты автоматты түрде қайта бастауға қабілетті. Автомагистральдармен алыс қашықтықтарға жүрген кезде G-Pilot жүйесі басып озуды және жолақ ауыстыруды жеңілдетеді, ал тас жол бойынша қозғалыс ассистенті (highway assist) автомобильдерді біркелкі үздіксіз жүру, жолақтың ортасымен жүру және ірі автомобильдерден алшақтау сияқты функцияларды іске асырады. Соқыр аймақтар мониторингімен толық айналаны шолу (BSD), маңдайалды соқтығысуды болдырмау жүйесі (CMSF), қозғалыс жолағын (LKA) бақылау, тежегіш күштерді бөлу, еңіспен түскенде жылдамдықты ұстау және көтерілгенде көмек көрсету жүйелері, сондай-ақ басқа да ақылды функциялар ең күрделі сапарды жеңілдетеді, ең бастысы - тіпті ең қиын жағдайларда да қауіпсіздікті бірнеше есе арттырады.

Барынша жайлылық, қуаттылық, қауіпсіздік, үнемділік - бұл автомобиль тұжырымдамасының негізі, ол озық инновациялық шешімдер синтезіне және әрбір жүйе жұмысының ойластырылған қисынына негізделеді.

Үлгінің тұсаукесері аясында «Алматы театрында» Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры труппасының балет қойылымы ұсынылды. Бұл іс-шараның рухына сай болды: Monjaro шынымен де нағыз асқан сұлулықты бағалаушылары үшін жасалған.

«Geely Monjaro - үлкен кроссоверлер класының қазіргі заманғы ілгері өкілдерінің бірі, тіпті әлемдік атақты брендтердің сыныптастарынан жабдықталу мен жайлылық деңгейі бойынша, сондай-ақ қауіпсіздік, сенімділік, үнемділікті жоғары қуаттылықпен үйлестіру бойынша айтарлықтай озық. Қазақстандық автожүргізушілерінің бұл көлікті күткенін біз жақсы білеміз, міне, енді ол осында. Қазақстандық сатып алушылар елде сатылатын Geely модельдерінің - Coolray спорттық кроссоверінің, Azkarra технологиялық әмбебап кроссоверінің, Tugella купе-кроссоверінің технологиялылығын, инновациялық әлеуетін және мүмкіндіктерін бағалап үлгерді. Енді біз флагманымыз - Monjaro-ның сатылуының жоғары көрсеткіштерін күтудеміз. Ағымдағы жылы кем дегенде 750 Monjaro автокөлігін сатуды жоспарлап отырмыз, ал 2023 жылы Geely-дің Қазақстанда сатудың жалпы жоспары 4000 бірлік автокөлікті құрайды», - деп бөлісті G Motors Kazakhstan компаниясының директоры Виктор Нестеров.

img

Өз кезегінде Geely Auto International Corporation-ның Орталық Азиядағы өкілі Ян Кай жоғары технологиялық, сенімділік және автомобиль индустриясының ең озық талаптарына сай болуға ұмтылысты ұштастыратын марканың жоғары әлеуетін ерекше атап өтті.

«Біз қазақстандық тұтынушылардың Geely-дің жайлылығы мен сапасын жоғары бағалайтынына қуаныштымыз. Бұл орынды, өйткені соңғы бес жыл ішінде Қытайдың өзінде қытайлық автобрендтер арасында сатылым бойынша көшбасшы позициясын сақтап тұр. Brand Finance беделді рейтингінің бағалауына сәйкес 2021 жылы Geely Holding Group брендтің ең жоғары жиынтық құны бар әлемнің үздік ондығында тоғызыншы орынды иеленді. Айта кету керек, бүгінгі таңда бұл беделді рейтингтегі жалғыз қытайлық автокөлік компаниясы, бұл оның өнімінің сапасы әлемнің жетекші автобрендтерінің деңгейіне сәйкес деп танылғанын көрсетеді. Сондықтан біз Қазақстандағы да сатылымға үлкен жоспар құрып отырмыз. Қазіргі және болашақ Monjaro иелерінің барлығында өз таңдауларына сенімді болуға барлық негіз бар, Monjaro - әлемдік автомобиль индустриясындағы өнер туындысы», - деді Кай Ян мырза.

img

Қазіргі уақытта Geely маркалы дилерлік орталықтар Қазақстанның жеті қаласында - Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Қостанай, Өскемен және Атырауда жұмыс істейді. Жыл соңына дейін Orbis Auto Павлодар, Ақтөбе, Ақтау және Орал қалаларында тағы төрт орталық ашуды жоспарлап отыр.

Дистрибьютордың хабарлауынша, Geely Monjaro Premium жиынтықталуында 21 990 000 теңгені, Flagship жиынтықталуында 22 990 000 теңгені құрайды.

Қосымша ақпарат алу үшін *5000 телефон нөмірі бойынша немесе marketing@geely.kz электрондық пошта арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.

Other news

G-Motors Kazakhstan клиенттермен Geely moments бағдарламасы аясында кездесу өткізді

Geely - автомобиль шығару саладағы инновациялардың танымал әлемдік көшбасшысы ретінде қытайлық брендтер арасында бірінші орынды және 2024 жылы әлемдік рейтингте екінші орынды иеленуде.

Geely Auto 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында рекордтық халықаралық сатылымдармен жаһандық кеңеюін жалғастыруда

Geely Yinhe Starship автомобилі Red Dot Award марапатына ие болды: Design Concept 2024 ( 2024 жылғы дизайн концепциясы)

Geely Auto "See the World in Full" ("Әлемді түгел көру") тұжырымдамасымен жаһандық деңгейге шығуда