«Geely Holding Group» пен «Changan Automobile» стратегиялық ынтымақтастық туралы Негізгі келісім жасасты
9 мамырда «Zhejiang Geely Holding Group» (бұдан әрі «Geely Holding Group» деп аталады) және «Chongqing Changan Automobile Co., Ltd.» (бұдан әрі «Changan Automobile» деп аталады) стратегиялық ынтымақтастық туралы Негізгі келісім жасасты. Екі компания да жаңа энергетикалық технологиялар, көлік құралдарының интеллектуалды жүйелері, жаңа энергетикалық қуат агрегаттары, шетелдік даму, ұтқырлық және өнеркәсіптік экология саласындағы стратегиялық ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыратын болады. Осы ынтымақтастық туралы келісім сонымен қатар бірлесе отырып қытайлық брендтердің өнімдерін дамытуға жәрдемдесуге, пайдаланушылар үшін неғұрлым қолайлы ұтқырлық жағдайларын жасауға және Қытайдың автомобиль өнеркәсібін трансформациялауды, жақсартуды және жоғары сапалы дамытуды қолдауға бағытталған.
Фу Бинфэн, Қытай автомобиль өндірушілері қауымдастығының атқарушы Вице-президенті және Бас хатшысы, «Changan Automobile» төрағасы Чжу Хуарон және «Geely Holding Group» төрағасы Эрик Ли салтанатты шараға қатысып, екі компания арасындағы шартқа қол қойылғанына куә болды.
Фу Бинфэн, Қытайдың автомобиль өндірушілері қауымдастығының атқарушы Вице-президенті және Бас хатшысы былай деді: «Қытайлық автомобильдері қазіргі уақытта ізбасар рөлінен көшбасшы роліне өтіп, трансформацияның маңызды сатысында тұр. Қытайлық автомобиль өндірушілерінің екі әйгілі өкілі Changan мен Geely арасындағы ынтымақтастық қытайлық автомобильдер брендінің жақсы имиджін қалыптастыруға ықпал етеді, саладағы синергияны қамтамасыз етеді және жоғары сапалы өнеркәсіптік даму және нарықтағы жоғары қарқынды бәсекелестік контекстінде компаниялар арасындағы жоғары деңгейдегі бәсекелестік пен ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашады».
Интеллектуалды электрлендіру - бұл қытайлық автомобиль брендтері үшін бүкіл әлемдегі өнеркәсіпте болып жатқан өзгерістерге әсер етудің тамаша мүмкіндігі, сонымен қатар ол «Geely Holding Group» пен «Changan Automobile» арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың мәні болып табылады. Жаңа энергетика саласында екі компания аккумулятор ұяшықтары, батареяларды зарядтау және ауыстыру технологиялары, жаңа энергиямен жұмыс істейтін көлік құралдары өнімдерінің қауіпсіздігі және жаңа энергетиканың өнеркәсіптік экожүйесі саласында бірігіп қызмет ететін болады. Интеллектуалды технологиялар саласындағы ынтымақтастық чиптер, операциялық жүйелер, көлік құралдары мен мобильді құрылғылар арасындағы байланыс, жоғары дәлдіктегі карталар және автономды жүргізу жүйелері саласында жүзеге асырылатын болады. Екі компания да нақты әлемде озық технологияларды қолдануды жеделдету үшін жаңа энергия көздеріндегі қуат агрегаттарының технологиялары, шетелдегі бірлескен әзірлемелер, ұтқырлық экологиясы, өнеркәсіптік интернет, блоктар тізбегі, жеткізілім тізбегін қадағалау, көміртекті сандық басқару және көміртегі саудасы салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерттейтін болады.
Чжу Хуарон, «Changan Automobile» төрағасы былай деген: «Бұл стратегиялық ынтымақтастық алыптар арасындағы одақтың моделін көрсетеді. Мұны жаңа бастапқы нүкте ретінде қабылдай отырып, әлемдік пайдаланушыларға одан да сапалы қызметтер мен үздік тәжірибелерді ұсыну және автомобиль өнеркәсібінің жоғары сапалы дамуына ықпал ету үшін екі компания да өздерінің жеке мүмкіндіктерін пайдаланып, ресурстарымен алмасатын болады».
«Geely Holding Group» төрағасы Эрик Ли былай деді: «Біз Сіздермен қазір өзгеру дәуірінде өмір сүріп жатырмыз, оның негізінде шексіз технологиялық даму, секторлар мен салалар арасындағы еркін және ашық ынтымақтастық, бірлескен даму және ресурстармен алмасу жатыр. Geely және Changan пайдаланушылар үшін жақсы тәжірибе жасап, саладағы инновацияларды жеделдету мақсатында инвестицияларды арттыру және бір-бірінің мықты жақтарын толықтыру үшін тығыз жұмыс істейтін болады. Біз негізгі бәсекеге қабілеттілігімізді нығайту және қытайлық автомобильдерге әлемдік нарықтағы автомобиль өнеркәсібі тізбегінде мүмкіндігінше тезірек көтерілуге көмектесу үшін бірлесе жұмыс жасаймыз».