2027 жылы Geely Coolray және Emgrand модельдері Алматыда өндірілетін болады.
Orbis Kazakhstan компаниясы Алматы қаласындағы жаңа Orbis Manufacturing зауытында Geely Coolray және Geely Emgrand модельдерінің өндірісін іске қосатынын хабарлады. Кәсіпорынның құрылысы қазір қарқынды жүріп жатыр.
Өндіріс CKD технологиясы бойынша – жоғары деңгейдегі локализациялау және заманауи технологияларды қолдану арқылы ұйымдастырылады.
«Geely компаниясымен локализация бағыты бойынша бірлескен жұмыс – бұл біздің ұзақ мерзімді ынтымақтастығымызды нығайтатын стратегиялық қадам», – деді Orbis Kazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы Фаррух Махмудов.
Бұл оқиға стратегиялық маңызға ие – ол Geely брендінің аймақтағы позициясын нығайтып, Orbis Auto компаниясына ресми серіктес әрі Geely дистрибьюторы ретінде көрсетілген сенімді дәлелдейді.
Зауыт шамамен 1500 жаңа жұмыс орнын ашады. Geely автомобильдерінің сериялық өндірісін іске қосу 2027 жылға жоспарланған.






