Экстерьері

Табиғатта белсенді демалуға арналған 7 орынды кең кроссовер

Табиғатта белсенді демалуға арналған 7 орынды кең кроссовер

Geely Okavango Оңтүстік-Батыс Африканың қуатты өзенінің құрметіне аталған. Оның дизайны табиғаттың қуаттылығы мен әсемділігін бейнелейді. Ұзындығы 4.86 метрлік ұзартылған шанақ арқасында салон іші кең, және оған отыратын жеті орындық сыяды. Кроссовер отбасылық саяхаттарға, іссапарларға немесе жүк тасымалдау үшін өте ыңғайлы. Okavango түсті гамманың төрт нұсқасында ұсынылған, оның ішінде керемет көк металлик түсі бар.

Жарық диодты фаралар

Жарық диодты фаралар

Okavango-ның жарық диодты фаралары әйгілі Стоунхенджден шабыт алған. Олардың жарығы көне тас блоктардың ішінен өтіп шыққан күн сәулесіне ұқсайды, бұл автомобильге жұмбақтылық пен салтанаттылық береді.

Үш секциялы жарық диодты күндізгі жүріс шамдары

Үш секциялы жарық диодты күндізгі жүріс шамдары

Жарық диодты күндізгі жүріс шамдары мен бұрылыс сілтемелері мұхиттың қуатымен шабытталған. Олардың дизайны қарқынды және именбейтін болып көрінеді, олар үдеп-ұлғайып келе жатқан толқындарға ұқсайды,

Көлденең жарық диодты артқы шамдар

Көлденең жарық диодты артқы шамдар

244 шамы бар артқы шамның қызыл оттары ұзындығы 2,7 метр сызықты құрап, балқытылған лаваның атқылауына ұқсайды. Олардың дизайны автомобильдің артқы бөлігіне қуат пен динамика әсерін қосып, оның жалпы эстетикасын толықтырады.

Жеңіл қорытпалы дискілер

Жеңіл қорытпалы дискілер

Ағыс иірімі стилінде жасалған диаметрі 19 дюймдік кең спицалы дискілер қозғалыс кезінде айналып тұрған құйын әсерін туғызады. Олар OKAVANGO автомобиліне серпінді және қуатты көрініс береді.

Радиатор торы

Радиатор торы

Радиатордың алдыңғы торының дизайны қатып қалған сарқырамадан шабыт алған. Онда мұз пішіндерінің статикалық сұлулығы да, табиғи қозғалыстың қуатты энергиясы да бар. Тік ұзын рейкалар автомобиль келбетіне жарқын динамика беріп, визуалды әсерді күшейтеді.

Интерьері

7 бөлек орындық

7 бөлек орындық

Кроссовер салоны тесікті экобылғарымен қапталған ыңғайлы 2 + 3 + 2 құрастырумен орналастырылған толыққанды 7 орынды ұсынады. Сіз сыйымдылықты 5 немесе тіпті 2 орынға дейін оңай өзгерте аласыз. Орындықтардың эксклюзивті үшінші қатары өз санатында жайлылықпен ерекшеленеді. Екінші қатарда ISOFIX стандартындағы балалар автокреслоларына арналған бекітпелер орнатылған.

Жүргізушінің жоғары отыруы және панорамалық шолуы

Жүргізушінің жоғары отыруы және панорамалық шолуы

OKAVANGO салоны алдыңғы орындықтарының айтарлықтай көтеріңкі орналасуымен жобаланған. Панорамалық терезелер бәсекелестермен салыстырғанда 20% кеңірек шолуды қамтамасыз етеді. Ішіңде отырғанда, Сіз әлемнің шыңында тұрғандай керемет пейзаждан ләззат аласыз.

Панорамалық люк

Панорамалық люк

Ұзындығы 60 дюйм панорамалық люк салон ішіне табиғи жарықтың түсуіне және бүкіл сапар бойы аспан көрінісінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Терезелердің интеллектуалды жабылуы жаңбыр жауғанда іске қосылады. 93% ультракүлгін сүзгісі бар әйнек салонды күн сәулесінің зиянды әсерінен қорғайды.

Перфорленген теріден жасалған орындықтар

Перфорленген теріден жасалған орындықтар

Орындықтар дизайнында толығымен "Zero Pressure" эргономикалық тұжырымдамасы жүзеге асырылған, ол дене салмағын орындық бетіне біркелкі бөле отырып, бұлт үстінде қалықтап отырғандай жайлылық пен жеңілдік сезімін сыйлайды.

Үшінші қатарға екі жағынан кіру

Үшінші қатарға екі жағынан кіру

Қолайлы екі жақты қолжетімділік 7 орынды кроссоверге кіріп-шығуды барынша жайлы етеді. Үшінші қатарға арналған 313 мм өтудің кеңдігі класс стандарттарынан асып түседі, бұл әсіресе 2 + 2 + 3 типтік құрылыммен салыстырғанда айтарлықтай қолайлылық береді.

Мультимедиа

Мультимедиа

Кроссовер түсті сенсорлық экраны бар 12.3 дюймдік орталық СК-дисплейін қамтитын мультимедиялық жүйемен жабдықталған. 6 динамигі бар AM/FM аудиожүйесі сапалы дыбысты қамтамасыз етеді. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін 4 USB Type-A ағытпасы бар - алдыңғы және артқы орындар үшін екеуден. USB (Mirror Link) арқылы мультимедиялық дисплейге смартфон экранын қайталау функциясы қолжетімді. Apple CarPlay Apple базасындағы ұялы телефондары бар жүйені синхрондауға және пайдалануға көмектеседі.

Жүк салғыш бөлігі

Жүк салғыш бөлігі

Жүк салғыш бөлігі өз сегментінде айтарлықтай сыйымдылардың бірі болып табылады. Артқы орындықтар еденді тегіс қыла отырып жиналады, Үшінші қатардағы орындықтар жиналған кезде жүксалғыштың көлемі 628 литрді құрайды, ал екінші және үшінші қатарлардағы орындықтар түсірілген кезде сыйымдылық 2360 литрге дейін ұлғаяды.

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау

Geely Okavango-дағы салонының CN95 сүзгісі жолаушыларды зиянды заттар мен аллергендерден қорғай отырып, ауаны тиімді тазартуды қамтамасыз етеді. Тазалау жүйесі салондағы ауаның таза болуын қолдайды.

Заттарды сақтауға арналған жерлер

Заттарды сақтауға арналған жерлер

Салонда зат салуға арналған 49 текшелер мен қуыстар бар. Осының арқасында қажетті заттарды әрдайым қолдың астында ұстауға болады, бұл сапарларды одан әрі жайлы әрі ұйымдасқан етеді.

Дөңгелектегі үй ретінде пайдалану мүмкіндігі бар кроссовер (RV)

Дөңгелектегі үй ретінде пайдалану мүмкіндігі бар кроссовер (RV)

Артқы екі қатар жиналғанда ұзындығы 2.2 метрлік тегіс жатын орын пайда болады. Орындықтар жиналған кезде төбеге дейінгі биіктік 84 см құрайды, бұл жайлы жатып, тұру үшін жеткілікті орынды қамтамасыз етеді.

Технологиялар

Қуатты қозғалтқыш, керемет басқарылымы

Қуатты қозғалтқыш, керемет басқарылымы

Geely Okavango 7,9 секундта 0-ден 100 км/сағ дейінгі жылдамдықты және отынның үнемді шығыны кезінде жоғары өнімділікті қамтамасыз ететін 2.0TD қозғалтқышымен жабдықталған. Бұл қозғалтқыш үш жыл қатарынан өзінің сенімділігі мен тиімділігін растай отырып, бүкіл әлем бойынша "Ward 's үздік 10 қозғалтқышының" қатарына кіріп келеді.

Трансмиссия

Трансмиссия

Екі тіркесі бар 380 7DCT трансмиссия үш жыл қатарынан "Әлемдегі үздік 10 трансмиссия" атағына ие болып келеді. 7 жылдамдықты беріліс қорабы бірқалыпты және сезілмей ауыстырып қосуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Роботтың "ылғалды" конструкциясы тиімді салқындатуды қамтамасыз етеді және тозуды азайтады, бұл трансмиссияның қызмет ету мерзімін ұзартады.

Орташа өлшемді кроссовер

Орташа өлшемді кроссовер

D-класты автомобиль тәуелсіз алдыңғы және артқы аспамен жабдықталған, бұл ретте артқы аспаның жүрісі 200 мм ұлғайтылған. Мамандандырылған калибрлеу әртүрлі жабындарда оңтайлы жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Okavango-ны қалада да, тау жолдары мен тас жолдарда да басқару оңай. Рульдік басқарудың озық жүйесі оған жеңілдік бере отырып, жүргізу мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Қауіпсіздігі

EPS руль электр күшейткіші

EPS руль электр күшейткіші

Дәстүрлі гидравликалық жүйелерді электр компоненттерімен алмастырады, бұл жүргізушіге автомобильді, әсіресе маневрлер мен тұрақтау кезінде жеңіл басқаруға көмектеседі. EPS жолдағы басқарушылық пен тұрақтылықты арттыра отырып, қауіпсіздік жүйелерімен бірлесіп жұмыс істейді.

Макферсон түріндегі тәуелсіз аспа

Макферсон түріндегі тәуелсіз аспа

Алдыңғы дөңгелектерге басқа дөңгелектің әрекеттеріне қарамастан жоғары және төмен қозғалыс еркіндігін береді. Бұл жолдың тегіс емес жерлерін ыңғайлы өтуді қамтамасыз етеді.

Қауіпсіздік жастықтары

Қауіпсіздік жастықтары

Кроссовер жолаушыларды қорғау үшін алты қауіпсіздік жастығымен жабдықталған. Оларға: жүргізуші мен алдыңғы жолаушыға арналған алдыңғы жастықтар, бүйірлік жастықтары, сондай-ақ қауіпсіздік перделері кіреді. Алдыңғы үш нүктелі белбеулер апат болған жағдайда қосымша қорғауды қамтамасыз ету үшін алдыңғы кергішпен және тарту күшін шектегішпен жабдықталған.

Соқыр аймақтарды бақылау жүйесі (BSD)

Соқыр аймақтарды бақылау жүйесі (BSD)

Жүргізушіге көлік құралдарының бар екендігі туралы ескертеді, бұл жолақты ауыстыру кезінде қауіпті жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.

Тұрақ орнынан артымен шығу кезіндегі көмек жүйесі (RCTA)

Тұрақ орнынан артымен шығу кезіндегі көмек жүйесі (RCTA)

Кроссоверге жақын қозғалатын объектілерді анықтайды және жүргізушіге ықтимал қауіп туралы ескертеді.

Көбірек білу