Экстерьері

Atlas бағдарламасын ашып, әлемді зерттеңіз

Atlas бағдарламасын ашып, әлемді зерттеңіз

Өзіңізді ғарыш кемесінің ұшқышы ретінде сезініңіз! Geely ұсынған жаңа кроссовер – бұл заманауи технологиялардың астрономиялық формалармен бірігуі. Автомобиль бейіні шанақ сызығымен, тегіс шатырымен және рельефті бүйірлерімен көзге түседі, олар теңдессіз қуат пен грация сезімін тудырады. Geely символының айналасындағы жарық элементтері алдыңғы қасбетке ғарыштық келбет бере отырып, массивті радиатор торына назар аудартады. Кроссовердің артқы бөлігіне Y-тәрізді фараларға ауысатын аса ашық қызыл жарық диодтар сызығы көрік береді.

Екі түсті реңкі

Екі түсті реңкі

Эксклюзивті нұсқаның түсі қара және негізгі түстен тұрады. Шатыр, рейлингтер, айналар, артқы спойлер, бампердің сәндік жолақтары сияқты қара элементтер айқын шанақты баса көрсетеді. Негізгі түсті ақ, күміс, қою жасыл, көк немесе толық қара реңктерден таңдауға болады.

Алдыңғы көрініс

Алдыңғы көрініс

Радиатор торы шексіз ғарыштағы радиотолқындарға ұқсайды. Геометриялық өрнектер әдемі жарықтық және көлеңкелі әсер жасай отырып, фаралардың жарығымен шағылысады. Күндізгі жүріс шамдары ұзын құйрықты ақ түсті кометаларға ұқсайды. Дизайны нақтыланған жарық диодты фаралар тобы және Geely-дің жарқыраған эмблемасы алдыңғы бамперді безендіріп, жұлдызды аспан тәрізді көрінеді. Бұл элементтердің үйлесімі Atlas-тың визиттік картасына айналады.

Алдыңғы оптика

Алдыңғы оптика

Жарқын болашақ Geely Atlas-тан басталады! Цифрлық жарық диодты фаралар автомобиль қауіпсіздігінде жаңа стандарттарды орнатады. Бұл биіктігі тігінен небәрі 15 мм болатын, жарығы 168 метрге жететін алғашқы қысаң қос жарықдиодты линзалар. Олардың қуаттылығы соншалықты, бір автомобильдің өзі футбол алаңын да жарықтандыра алады.

Артқы жүріс фаралары

Артқы жүріс фаралары

Артқы бөлігі әсем және заманауи Y-тәрізді фараларға бірқалыпты ауысатын жебеге ұқсайтын цифрлық шамдардың әсерлі жолағымен безендірілген. Олар толқын ұзындығы 633 нм болатын 290 суперқызыл жарық диодтардан тұрады. Микроскоптар мен скафандрлардың окулярларында пайдаланылатын екі қабатты поликарбонатты қолдану фаралардың жарығын судай таза және мөлдір етуге мүмкіндік береді.

Құйма дискілер

Құйма дискілер

R20 өлшемді дискілер автомобильге неғұрлым әсерлі және спорттық көрініс береді. Дөңгелектер қарама-қарсы қара және күміс түстес бөлшектердің жіңішке қырларымен назар аудартады. Алюминий қорытпасын төмен қысыммен құю процесінің арқасында дөңгелектер ең жоғары жүктемелерге төтеп беруге дайын. Ал олардың формасы аэродинамикалық қарсылық коэффициентін төмендетуге мүмкіндік береді.

Жоғары өнімді спорт шиналары

Жоғары өнімді спорт шиналары

Goodyear Eagle шиналары барынша жоғары өнімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Жабысқақ шайырдың адгезиясы жолмен жақсы тіркесім береді. Жермен байланыс алаңының ұлғаюының арқасында тежеу жолы әлдеқайда қысқарды. Күшейтілген конструкция бұрылыстардың жайлы өтуін, протектордың тозуын азайтады және отын үнемдеуді арттырады.

Технологиялар

Бүгіннен бастап болашақты Geely Atlas-пен қарсы алыңыз

Бүгіннен бастап болашақты Geely Atlas-пен қарсы алыңыз

Ықшам модульді архитектура (CMA) енді стандартты жиынтыққа кіреді. 1.5T және 2.0T қозғалтқышы сенімділікті көрсетеді, ал 7DCT сезгіш трансмиссиясымен бірге автомобиль озық басқаруды қамтамасыз етеді. Круиз-бақылау және интеллектуалды көмек жүйесінің арқасында болатын жүргізудің қарапайымдылығына Сіздің көңіліңіз толады. Бос жүрістегі шусыз жұмыс технологиясы (барлығы 39 децибел) салондағы тыныштықты қамтамасыз етеді. Atlas - кез келген саяхаттағы сенімді серігіңіз!

Модульдік CMA архитектурасы

Модульдік CMA архитектурасы

Жаңа Geely Atlas – бұл қауіпсіздікті, жайлылықты және инновациялық технологияларды біріктіретін автомобильдер жасауға заманауи көзқарастың көрінісі.

CMA заманауи модульдік архитектурасы:
Швед және қытайлйқ инженерлері бірлесіп әзірлеген Geely озық технологиялар мен инновациялық дизайнды қамтамасыз етеді.

Артықшылықтары:
Қауіпсіз шанақ дизайны: Жүргізуші мен жолаушыларды қорғаудың жоғары деңгейі.
Басқарылуы мен жайлылығы: Кез келген жағдайда ыңғайлы болу үшін тамаша динамика және тегіс жүру.
Интерьердегі көбірек орын: Максималды жайлылық үшін кең және эргономикалық интерьер.
Жүрудің жоғары біркелкілігі: Кез-келген жолда ыңғайлы жүруді қамтамасыз етеді.

Өлшемдері:
Көліктің енінің диапазоны: 1820-1950мм
Дөңгелек базасының диапазоны: 2677-2870мм

2.0T Aurobay JLH-4G20TDG

2.0T Aurobay JLH-4G20TDG

2 литрлік 4 цилиндрлі қатарлы турбо қозғалтқыш:

Швед және қытайлық Geely инженерлері бірлесіп әзірлеген, инновация мен сенімділіктің тамаша үйлесімін қамтамасыз етеді.

Техникалық сипаттамалары:
Қуаты: 238 а. к.
Айналу сәті: 350 Н*м

Жетістіктер: Үздік 10 қозғалтқыш рейтингінде: 2015-2017 жылдары Ward's 10 Best Engines бойынша ең озық қозғалтқыштардың бірі ретінде танылды. Бұл қозғалтқыш ерекше өнімділік пен сенімділікті ұсынатын инженерлік шеберлік пен технологияның ең жоғары деңгейінің мысалы болып табылады.

Гидротрансформаторы бар сегіз жылдамдықты Aisin 8 АТ автоматты беріліс қорабы

Гидротрансформаторы бар сегіз жылдамдықты Aisin 8 АТ автоматты беріліс қорабы

Төмен айналымнан жеделдету: Қозғалыстың тегіс және қуатты басталуын қамтамасыз етеді. Ауысу жылдамдығы - 0,9 с: Ыңғайлы жүргізу үшін берілістерді жылдам және білдіртпей ауыстыру. Төмен отын шығыны: Сегізінші берілісті 80 км/сағ жылдамдықтан-ақ қосуға болады, бұл отын үнемдеуге ықпал етеді. Жоғары жылдамдықтағы төмен шу: Кез келген жылдамдықта тыныш және жайлы көлік жүргізуді қамтамасыз етеді. Техникалық қызмет көрсетуді қажет етпейді: Қосымша техникалық қызмет көрсету шығындарын қажет етпейтін сенімді және берік беріліс қорабы

Жиналатын электр жетегі бар сыртқы айналар

Жиналатын электр жетегі бар сыртқы айналар

Электр жетегі бар шанақ түстес айналар автомобиль бұғатталған кезде автоматты түрде жиналады, содан кейін кроссовер іске қосылған кезде ашылады. Жылыту функциясы әсіресе суық күндері пайдалы, ол айналардың қатуын немесе булануын жояды.

Қауіпсіздігі

Нығайтылған шанақ

Нығайтылған шанақ

Қауіпсіздік деңгейі жоғары корпус аэроғарыш классының 7-сериясындағы (Al-Zn-Mg-Cu) алюминий қорытпасынан жасалған арқалық бампермен нығайтылған. Аса берік қорытпа кәдімгі болатпен салыстырғанда 50-70% жоғары соқтығысу энергиясын сіңіру коэффициентіне ие. Үшқатарлы соққыға қарсы арқалықтар автомобильдің алдыңғы бөлігін күшейтеді. Соққыға қарсы элементтің блогы соқтығысу кезінде қорғанысты қамтамасыз етеді. Алдыңғы бойлық арқалықтың конструкциясы автомобильдің еніне тең және қысылуға төзімділікті қамтамасыз етеді. Шатыр автомобильдің салмағынан 5 есе асатын жүктемені көтере алады.

Қауіпсіздік жастықтары

Қауіпсіздік жастықтары

Біз Atlas-ты соқтығыс болған жағдайда сенімді қорғауды қамтамасыз ететін алдыңғы және бүйірлік қауіпсіздік жастықтарымен жабдықтадық. Қауіпсіздік перделері жүргізуші мен жолаушылардың басын және денесінің жоғарғы жақтарын қосымша қорғайды, салонға шынылар мен металл сынықтардың түсуін болдырмайды.

Күннен қорғайтын күнқағарлар

Күннен қорғайтын күнқағарлар

Қараңғы сүзгісі бар қосымша шыны күнқағары шолуды сақтай отырып, күннен қорғайды. Ол ультракүлгін сәулесінен 100% қорғайды және күн сәулесінің 6% -ын ғана өткізеді. Көлеңкелеу әсерін күн көзінен қорғайтын көзілдірік тағумен салыстыруға болады, жарқын күндерде жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

9.3 нұсқасындағы BOSCH тұрақтандыру электрондық жүйесі

9.3 нұсқасындағы BOSCH тұрақтандыру электрондық жүйесі

Жүйе қуатты аз тұтынатын және есептеу жылдамдығы анағұрлым жоғары жоғарыөнімді төрт ядролы процессормен жабдықталған,. Тұрақтандыру 10 функцияны қамтиды: ABS, EBD, HBA, TCS, EBP, VDC, HHC, HAZ, EPB, AUTOHOLD. Олар кроссоверді басқару мен қауіпсіздікті кешенді қамтамасыз етуді қалыптастырады.

Бейімделген круиз-бақылау

Бейімделген круиз-бақылау

Бейімделген круиз-бақылау автоматты түрде алда келе жатқан көлікке байланысты автокөліктің жылдамдығын реттейді. Жүйе тұрақты жылдамдықты 30-дан 150 км/сағ аралығында ұстауды қамтамасыз етеді. Рульдегі батырмалардың көмегімен іске қосылады, басқыштарды үнемі басуды қажет етпейді, бұл әсіресе жүргізушіге алыс қашықтықтарға жүру кезінде көмектеседі.

AEB-P Жаяу жүргіншілер алдындағы автоматты шұғыл тежеу

AEB-P Жаяу жүргіншілер алдындағы автоматты шұғыл тежеу

Жеңіл және жүк автомобильдерін, мотоциклдерді, велосипедтерді және жаяу жүргіншілерді таниды. Егер жүргізуші басқыштарды басып үлгермей, соқтығысудан құтыла алмайтындай болса, жүйе автомобильді автоматты түрде тежеуді іске қосады.

LDW - Қозғалыс жолағынан шығу туралы ескерту

LDW - Қозғалыс жолағынан шығу туралы ескерту

Автомобильді қозғалыс жолағында ұстап қалуға көмектесу жүйесінің (LKA) бір бөлігі болып табылады. Автомобильдің жылдамдығы 60 км/сағ-тан асқан кезде жүйе автоматты түрде іске қосылып, жолақ бойынша қозғалыс сызығын қадағалайды. Монокулярлы камераның көмегімен 150 м шегіндегі таңбаларды таниды. Егер автомобиль аңдаусыз жолағынан ауытқыса, жүйе бұл туралы аспап экранының, дыбыс сигналының және руль дөңгелегінің дірілінің көмегімен хабарлайды.

Алыс жарықты басқарудың IHBC интеллектуалды жүйесі

Алыс жарықты басқарудың IHBC интеллектуалды жүйесі

IHBC жүйесі жақын және алыс жарық арасында тиімді ауыстырып қосуды ұсынады. Бір немесе қарама-қарсы бағытта келе жатқан көлік құралдарына дейінгі қашықтыққа автоматты түрде жауап береді. Жұмыс диапазоны 40-тан 150 км/сағ жылдамдықты қамтиды, бұл жолда түрлі жағдайларда тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Жол белгілерін тану TSI

Жол белгілерін тану TSI

TSI технологиясы жылдамдық шектеулерін интеллектуалды түрде қамтуды ұсынады. Белгілер туралы ақпарат тиімді ескертулер түрінде ұсынылады. Бұл жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұл алу ықтималдығын төмендетуге мүмкіндік береді.

Бағалар мен конфигурациялар

COMFORT

11 290 000 ₸

максималды пайданы ескерілген баға

PREMIUM

12 290 000 ₸

максималды пайданы ескерілген баға

PREMIUM

13 090 000 ₸

максималды пайданы ескерілген баға

PREMIUM

14 490 000 ₸

максималды пайданы ескерілген баға

FLAGSHIP

13 790 000 ₸

максималды пайданы ескерілген баға

FLAGSHIP

15 190 000 ₸

максималды пайданы ескерілген баға

Көбірек білу