Geely — Қазақстан жолдарында 3 жыл!
Geely бренді Қазақстан жолдарында сенімді қозғалыстың үш жылдығын атап өтуде!
Бізге сенім артып, инновацияны, жайлылық пен стильді бірге таңдаған барша клиенттерімізге алғыс айтамыз.
Мерекеге орай біз үлкен сыйлық ұтыс ойынын бастаймыз және тағы бір Geely Coolray автомобилін сыйға тартамыз!
2025 жылдың 1 қарашасынан 31 желтоқсанына дейін Қазақстандағы кез келген ресми Geely дилерлік орталығына келіп, кез келген Geely моделін сатып алыңыз.
Ал 2026 жылдың 6 қаңтарында Instagram парақшамызда — @geelykz тікелей эфирде жаңа Geely Coolray автокөлігінің бақытты иесін жариялаймыз!
Акцияның шарттары мен ережелері
Акцияның өткізілу мерзімі:
2025 жылдың 1 қарашасынан 31 желтоқсанына дейін қоса алғанда.
Жеңімпазды анықтау күні:
2026 жылдың 6 қаңтарында сағат 12:00 Instagram әлеуметтік желісіндегі @geelykz ресми парақшасында тікелей эфирде жарияланады.
Қатысушылар:
Акцияға 18 жасқа толған және акция кезеңінде Қазақстан Республикасындағы ресми Geely дилерлік орталықтарынан кез келген автокөлікті сатып алған тұлғалар қатыса алады.
Ұйымдастырушының қызметкерлері мен олардың жақын туыстарына акцияға қатысуға рұқсат етілмейді.
Жеңімпазды анықтау және хабарлау тәртібі:
- Акцияның жеңімпазы https://randstuff.ru/number/ сайтындағы кездейсоқ сандар генераторы арқылы анықталады.
- Жеңімпаз ұтыс аяқталғаннан кейін 1 күн ішінде белгіленген мерзім ішінде жеңіс туралы хабардар етіледі
- Сыйлықты алу үшін жеңімпаз жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы тиіс.
- Егер жеңімпаз ұйымдастырушыға 3 күн аралығында уақытында хабарласпаса немесе қажетті құжаттарды бермесе, сыйлық басқа қатысушыға берілуі немесе жойылуы мүмкін.
Ұйымдастырушының жауапкершілігі:
- Ұйымдастырушы акцияға қатысушылардың жеке деректерінің құпиялығын қамтамасыз етеді.
- Ұйымдастырушы акцияға қатысуға немесе жеңімпазды анықтауға әсер етуі мүмкін техникалық ақаулар мен үзілістер үшін жауап бермейді.
- Ұйымдастырушы алдын ала ескертусіз акция ережелерін өзгертуге немесе акцияны тоқтатуға құқылы.
- Ұйымдастырушы акция барысына немесе нәтижесіне әсер етуі мүмкін кез келген техникалық ақаулар, форс-мажор жағдайлары немесе үшінші тұлғалардың іс-әрекеттері үшін жауапкершілік алмайды.
- Ұйымдастырушы ережелерді бұзған немесе адал емес жолмен қатысқан тұлғаның қатысуына тыйым салуға немесе оны дисквалификациялауға құқылы.
- Ұйымдастырушы ресми ережелерде көрсетілген сыйлықтардың акция шарттарына сәйкес жеңімпаздарға берілетінін кепілдендіреді.
- Ұйымдастырушы сыйлық құрамына кіретін үшінші тараптар ұсынатын қызметтердің сапасы мен сипаттамалары үшін жауап бермейді.
- Қажет болған жағдайда ұйымдастырушы акцияны өзгертуге немесе тоқтатуға, бұл туралы қатысушыларды өзгерістер күшіне енгенге дейін орынды мерзімде хабардар етуге құқылы.
- Акцияны ұйымдастыруға қатысты барлық сұрақтар ұйымдастырушының көрсетілген байланыс деректері арқылы жіберілуі мүмкін.
Басқа шарттар:
- Ұйымдастырушының акция бойынша қабылдаған барлық шешімдері түпкілікті болып табылады және қайта қаралмайды.
- Акцияға қатысу осы ережелермен толық келісуді білдіреді.
- Сыйлықты алу кезінде туындайтын барлық шығындарды (салықтар мен алымдарды қоса алғанда) жеңімпаз өз қаражаты есебінен төлейді.
Сыйлықты табыстау тәртібі:
- Сыйлық табыстау кезінде фото және бейнетүсірілім жүргізіледі.
- Түсірілімге қатысу – сыйлықты алу үшін міндетті шарт болып табылады.
- Егер жеңімпаз фото немесе бейнетүсірілімге қатысудан бас тартса, ұйымдастырушы сыйлық беруден бас тартуға және жаңа жеңімпазды анықтау үшін қосымша ұтыс ойынын өткізуге құқылы.
Жеңімпазбен байланыс:
- Егер тікелей эфир кезінде жеңімпаз қоңырауға жауап бермесе немесе екі рет байланыс орнатуға тырысқаннан кейін телефоны қолжетімсіз болса, ұйымдастырушы сыйлықты қайта ойнап, жаңа жеңімпазды анықтауға құқылы.
Сыйлықтардың бейнесі мен жинақталуы:
- Жарнамалық мақсатта қолданылған фото, бейне және өзге де материалдар иллюстрациялық сипатқа ие.
- Нақты сыйлықтардың сыртқы түрі, түсі және жинақталуы промо-материалдарда көрсетілген үлгілерден айырмашылыққа ие болуы мүмкін.
Компания/ұйымдастырушы туралы мәліметтер:
Ұйымдастырушы: ТОО “G MOTORS KAZAKHSTAN”
Байланыс деректері: info@geely.kz
