Geely — Қазақстанда 3 жыл!

Біз Geely брендінің Қазақстанда үш жыл толуын атап өтудеміз және осы уақыт бойы бізбен бірге сенімділік пен жайлылықты, алға жылжуды таңдаған барлық клиенттерімізге алғыс айтамыз!

Мереке құрметіне орай біз Geely драйвы мен жайлылығын сезінгісі келетіндердің барлығына арналған үлкен ұтыс ойынын жариялаймыз!

Қалай қатысуға болады?

2025 жылғы 25 қазаннан 31 желтоқсанға дейін
Қазақстандағы кез келген ресми Geely дилерлік орталығына келіп:

  1. Кез келген Geely моделін тест-драйвтан өткізіңіз.
  2. geely.kz сайтында тіркеліп, тест-драйвтағы фотоңызды тіркеңіз.

Басты сыйлықтардың бірін ұтып алу мүмкіндігін алыңыз!

Басты сыйлықтар:

  • 2 Екі адамға арналған Саньяға саяхат — теңіз жағасындағы армандағы демалыс.
  • 2 iPhone 17 Pro Max — қуат пен заманауи технология сіздің қолыңызда.
  • 2 смарт-сағат — әрдайым жаныңыздағы стиль.

Алғашқы жеңімпаздар 2025 жылдың 2 желтоқсанында жарияланады.

Тікелей эфир - @geelykz Instagram парақшасында.
Ұтыс ойыны тест-драйвтан өткен және сайтта өтінім қалдырған қатысушылар арасында өткізіледі.

Акцияның шарттары мен ережелері

Акцияның өткізу мерзімі:
2025 жылғы 25 қазаннан 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда).

Жеңімпазды анықтау күні:
1-ші ұтыс ойыны — 2025 жылғы 2 желтоқсанда Instagram парақшасында @geelykz тікелей эфирде өтеді.
2-ші ұтыс ойыны — 2026 жылғы 6 қаңтар айында Instagram парақшасында @geelykz тікелей эфирде өтеді.

Қатысушылар:
Қазақстанның ресми Geely дилерлік орталықтарында көрсетілген мерзім ішінде тест-драйвтан өткен, 18 жасқа толған тұлғалар.

Ұйымдастырушының қызметкерлері мен олардың жақын туыстарына акцияға қатысуға рұқсат етілмейді.

Жеңімпазды анықтау және хабарлау тәртібі:

  • Акцияның жеңімпазы https://randstuff.ru/number/ сайтындағы кездейсоқ сандар генераторы арқылы анықталады.
  • Жеңімпаз ұтыс аяқталғаннан кейін белгіленген мерзім ішінде жеңіс туралы хабардар етіледі
  • Сыйлықты алу үшін жеңімпаз жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы тиіс.
  • Егер жеңімпаз ұйымдастырушыға  3 күн аралығында хабарласпаса немесе қажетті құжаттарды бермесе, сыйлық басқа қатысушыға берілуі немесе жойылуы мүмкін.

Ұйымдастырушының жауапкершілігі:

  • Ұйымдастырушы акцияға қатысушылардың жеке деректерінің құпиялығын қамтамасыз етеді.
  • Ұйымдастырушы акцияға қатысуға немесе жеңімпазды анықтауға әсер етуі мүмкін техникалық ақаулар мен үзілістер үшін жауап бермейді.
  • Ұйымдастырушы алдын ала ескертусіз акция ережелерін өзгертуге немесе акцияны тоқтатуға құқылы.
  • Ұйымдастырушы акция барысына немесе нәтижесіне әсер етуі мүмкін кез келген техникалық ақаулар, форс-мажор жағдайлары немесе үшінші тұлғалардың іс-әрекеттері үшін жауапкершілік алмайды.
  • Ұйымдастырушы ережелерді бұзған немесе адал емес жолмен қатысқан тұлғаның қатысуына тыйым салуға немесе оны дисквалификациялауға құқылы.
  • Ұйымдастырушы ресми ережелерде көрсетілген сыйлықтардың акция шарттарына сәйкес жеңімпаздарға берілетінін кепілдендіреді.
  • Ұйымдастырушы сыйлық құрамына кіретін үшінші тараптар ұсынатын қызметтердің сапасы мен сипаттамалары үшін жауап бермейді.
  • Қажет болған жағдайда ұйымдастырушы акцияны өзгертуге немесе тоқтатуға, бұл туралы қатысушыларды өзгерістер күшіне енгенге дейін орынды мерзімде хабардар етуге құқылы.
  • Акцияны ұйымдастыруға қатысты барлық сұрақтар ұйымдастырушының көрсетілген байланыс деректері арқылы жіберілуі мүмкін.

Басқа шарттар:

  • Ұйымдастырушының акция бойынша қабылдаған барлық шешімдері түпкілікті болып табылады және қайта қаралмайды.
  • Акцияға қатысу осы ережелермен толық келісуді білдіреді.
  • Сыйлықты алу кезінде туындайтын барлық шығындарды (салықтар мен алымдарды қоса алғанда) жеңімпаз өз қаражаты есебінен төлейді.

Сыйлықты табыстау тәртібі:

  • Сыйлық табыстау кезінде фото және бейнетүсірілім жүргізіледі.
  • Түсірілімге қатысу – сыйлықты алу үшін міндетті шарт болып табылады.
  • Егер жеңімпаз фото немесе бейнетүсірілімге қатысудан бас тартса, ұйымдастырушы сыйлық беруден бас тартуға және жаңа жеңімпазды анықтау үшін қосымша ұтыс ойынын өткізуге құқылы.

Жеңімпазбен байланыс:

  • Егер тікелей эфир кезінде жеңімпаз қоңырауға жауап бермесе немесе 3 рет байланыс орнатуға тырысқаннан кейін телефоны қолжетімсіз болса, ұйымдастырушы сыйлықты қайта ойнап, жаңа жеңімпазды анықтауға құқылы.
  • Егер сайтқа сапасыз фотосурет жүктелсе немесе онда қатысушы бейнеленбесе, ұйымдастырушы қайта ұтыс өткізуге құқылы.

Сыйлықтардың бейнесі мен жинақталуы:

  • Жарнамалық мақсатта қолданылған фото, бейне және өзге де материалдар иллюстрациялық сипатқа ие.
  • Нақты сыйлықтардың сыртқы түрі, түсі және жинақталуы промо-материалдарда көрсетілген үлгілерден айырмашылыққа ие болуы мүмкін.

Компания/ұйымдастырушы туралы мәліметтер:
Ұйымдастырушы: ТОО “G MOTORS KAZAKHSTAN”
Байланыс деректері: info@geely.kz

Өтінім қалдыру: